Әйелдер мешітте ерлермен бірге намаз оқығысы келеді. Сіз келісесіз бе?

2394

Түркиядағы ислам мәдениетінің талбесігі Стамбұл қаласында ерекше наразылық өтіп жатыр. Наразылықтың қозғаушысы әйелдер қауымы болып отыр. Бұл туралы BBC телеарнасының орыс қызметі хабарлады.

Наразылыққа қатысушылар әйел мен ер адам мешітте бөлек залда намазға жығылып, бөлек құлшылық етуі керек делінетін ислам дінінің талаптарына қарсылық білдіруде. Дәлірегі, мешітте ерлер қауымы негізгі залда отырса, әйелдер жамағаты басқа бөлмеде болып, Аллаға құлшылық етеді. Әйткенмен Стамбұлдың көптеген мұсылман қыз-келіншектері шариғаттың бұл заң-талаптарымен кездеспейді. Олар көлікте, университетте ерлермен бірге отыруға болатынын айта келіп, «неліктен әйелдердің мешітте ерлермен бірге бір залда отырып, құлшылық етіп, намазға жығылуына болмайды» деген сауал тастайды?

Стамбұлдық студент Зейнептің айтуынша, мешіттің әйелдер отыратын бөлігінен имам да, басқа намазға ұюшылар да көрінбейді. «Сондықтан да өз ортамызда өзімізді бөтен сезінеміз» дейді ол.

Әйелдерге әдетте мешіттің артқы жағындағы галерея бөлмеден орын береді. Өткен наурызда бұған бағынбай, ерлер жайғасқан негізгі залға келіп отырған әйел кісіні сондағы еркектер мешіт сыртына шығарып тастады. Бұл оқиға «Әйелдер мешітте» кампаниясының басталуына түрткі болды.

Әуелі сол мешітке 40 әйел кісі келіп, бәрі бірдей негізгі ортақ залға кіріп, жайғасты.

Осы орайда және бір студент қыз Эслем өз пікірін былай білдереді.

«Біз ерлермен бірге оқып, бірге жұмыс істейміз. Алайда мешітке келгенімізді бізді бөлек орынға кіргізіп тастайды. Демек, мен бөтен еркекпен қатар отырып, сабақ оқуыма болады. Бірақ, мешітте жағдай өзгереді. Кейде намазға жығылуға орын таппай қаламын, мешіт атмосферасының рахатына бөлене алмаймын» деген ол еркектермен салыстырғанда, әйелдердің жамағатпен бірге намазға жығылудың қамқорлығын сезіне алмайтынын айтады.

Молиться с мужчинами

В марте женщину, попытавшуюся молиться вместе с мужчинами, вышвырнули из мечети. В ответ в ту же мечеть пришли уже 40 женщин и остались молиться в основном зале.

Nai-post ni Русская служба Би-би-си – BBC Russian noong Biyernes, Abril 13, 2018

Наразылыққа қатысушылар жағдайдың тез өзгермейтінін біледі.

– Ережелер тез өзгереді деп күтпейміз. Бірақ, уақыт өте келе адамдар бізді оң тұрғыдан бастайды деп ойлаймын,-дейді студент Сена. Ол қыз-келіншектердің мешітте ерлермен бір залда отыруына қарсыласып, ашу-ызасын білдіретіндердің қатары азаятына сенеді.

Әйткенмен стамбұлдық қыз-келіншектердің бұл ойына қарсы шығатындар да бар. Солардың бірі – журналист Хилал Каплан.

Ол әйелдер көзден таса қалып, жасырын бақылауға ие екендерін, мұны бағалаулары керегін айтады. Оның сөзінше, бұл олардың ерлерге билігін жүргізуіне мүмкіндік беретін тиімді позиция екен.

Сіз, қадірлі оқырман!

Әйелдер қауымының мешітте ерлермен бірге негізгі залда отырып, намаз оқып, құлшылық етуіне қалай қарайсыз? Келісесіз бе, қарсысыз ба? Сауалнамаға қатысыңыз