Елордамыз Астанада көкпардан Азия чемпионаты өтті. Бұл жолы айтулы тартысқа сегіз елдің шабандоздары қатысты.
Қазақстанның намысын жыртқан көкпаршылар арасында шымкенттік шабандоздар да бар. Олар — Бактыбай Шырынқұлов, Темірхан Айтбаев, Нұржігіт Мырзабаев және Еркебай Омарбек. Бақтыбай Шырынқұлов — команда капитаны. Отандық құрама екі ойын өткізіп, алғашқысында Тәжікстанды 9-3 есебімен жеңсе, кейіннен ресейліктерді 16-1 есебімен тізе бүктірді. Одан кейін Қазақтың жігіттері моңғол көкпаршыларынан да басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды.
Шешуші кездесуде көкпаршыларымыз қырғызстандық қарсыластарын ойсырата жеңіп, Азия чемпионы атанды. Айта кету керек, ақтық сотта салынған 6 салымның 4-і біздің жерлестеріміздің еншісінде.