Ғылыми семинардың берері көп

Таяуда «Тассай» білім тарату орталығында 8-ші ғылыми-практикалық семинар өткізілді

Таяуда «Тассай» білім тарату орталығында «Шалғайдағы жайылымда қуаңшылыққа төзімді азықтық дақылдардың түрлерін және тұқымдарын жақсартуда мәдени жайылымның бейімделген технологиясын жасау. Қуаңшылыққа төзімді азықтық дақылдардың тұқымы және оларды жерсіндіру» тақырыбында 8-ші ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Семинар жұмысында 22 АӨК субъектілері қатысты.

Таяуда «Тассай» білім тарату орталығында 8-ші ғылыми-практикалық семинар өткізілді
Таяуда «Тассай» білім тарату орталығында 8-ші ғылыми-практикалық семинар өткізілді

Аталған оқу-практикалық семинарда, «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік щаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «Жайылым және мал азығын өндіру» бөлімі мен «Жайылымның агротехнологиясы және деградациялануы» секторының ғылыми қызметкерлері теориялық және практикалық сабақтар өткізді.

Семинар барысында қуаңшылыққа төзімді өсімдіктердің сипаттамасы және өсіп-даму ерекшеліктері, табиғи жайылымдық жерлерді жақсарту жолдары мен мүмкіндіктерін және тозған жайылымдарды жақсартуға пайдаланатын қуаңшылыққа төзімді өсімдіктерді пайдалану әдістерін зерделеу бойынша сабақтар өтті. Мал азығына арналған, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктердің сорттары, олардың тектік қорын қалыптастыру және оларды жерсіндіру (интродукциясы) ерекшеліктері қарастырылды. Семинардан соң тыңдаушыларға сертификат тапсырылды.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ