Академиктің атынан мұражай ашылды

388
мұражайдың құжатын салтанатты түрде қабылдап алып тұрған сәті

 Қазақстан Халықтар Дос­ты­ғы университетінің ректоры Әбдімұса Қуат­беков — білім саласын да­мытуға, білікті және бә­секеге қабілетті мамандар даяр­лауға кө­ңіл бөліп, атсалысып жүрген жан. Өмірін білім мен ғылымға арнаған ұлағатты ұстаз, академик жетімдерді де жебеп, жетелеп келеді. Осы қамқорлығын ескерген ұрпақ ағаларына арнап былтыр Арыс қаласындағы Төлеген Тәжібаев атындағы балалар үйінен мұражай ашқан болатын. Ал бүгін сол мұражайдың құжатын ресми түрде тапсырды.

мұражайдың құжатын салтанатты түрде қабылдап алып тұрған сәті
Мұражайдың құжаты салтанатты түрде тапсырылуда

Академик, химия ғылымдарының докторы, профессор Әб­дімұса Мұратұлына деген балалар үйінің тәрбиеленушілерінің ыстық ықыласы шексіз. Соңғы 15 жылдан бері жетімдерді жебеп, шәкіртақы тағайындап, тегін оқытып, қала берді жұмысқа орналастырып жүрген жомарт жанға қандай құрмет көрсетсе де жарасады дейді олар.

 Меруерт Нұрланқызы, Арыс қаласындағы Т. Тәжібаев атындағы балалар үйінің директоры: «Жүрегі кең, Оңтүстік өңіріне үлгі-өнеге боларлықтай өмірі, істеген ісі бар. Сондықтан, мұражай ашайық деп, балалардың өздері ұсыныс жасады. Педогогикалық кеңестің қолдауымен мұражайғаакадемик Әбдімұса Мұратұлының есімін бердік.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YO33Gwjev_Y[/youtube]

Балалардың біріне әкесіндей, енді біріне атасындай қамқорлық жасаған жанның жеткен жетістігі үш бөлмелі мұражайдың бір бөлмесіне жайғасқан. Арыстағы балалар үйінде тәрбиеленушілердің 80 пайызы — Әбдімұса Қуатбеков атындағы шәкіртақының иегері. Күнделіктерін беске толтырып, білімге деген құштарлығын арттырып жүрген олар аталарының үмітін ақтауға уәде берді.