Тау тұлғаға тас мүсін тұрғызылды

Ғалым, профессор, академик Сұлтан Сүлейменовке ескеркіш орнатылды
Ғалым, профессор, академик Сұлтан Сүлейменовке ескеркіш орнатылды

Шымкентте ғалым, профессор Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының академигі СҮЛЕЙМЕНОВ Сұлтан Тәшірбайұлына арналып ескерткіш ашылды. Тау тұлғаның тұғыры Иляев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан орын тепті.

Ескерткішті облыс әкімдігінің қолдауымен ғалымның шәкірттері тұрғызыпты. Салтанатты шараға облыс басшылары мен ғылым зиялылары, академиктің туған туыстары мен шәкірттері қатысты. Ардақты азаматтың арда һәм қасиеттері сөз болып, ол туралы ізгі естеліктер айтылды, жиын барысында.

Академиктің негізгі ғылыми еңбектері химия өнеркәсібін дамыту, силикаттардың жаңа түрлерін шығару бағытында қорғалған. Көзі тірісінде 313 ғылыми еңбек жазды. 6 монография мен 90-дай авторлық куәліктің иегері. «Еңбек Қызыл Ту», “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.