Әлемді мойындатқан ғалым-70 жаста

429
марапат барысы

«Қазақстан Халықтар Дос­ты­ғы» университеті Оңтүстік Қа­­зақстан облысында аты іл­ти­патпен аталатын жоғары оқу орындарының бірі. Оның пре­зи­ден­ті Әбдімұса Мұратұлы Қуат­беков қоғам дамуының қа­зір­гі жағдайында білім беруді да­мытуға, білікті және бә­секеге қабілетті мамандар даяр­лау сапасын арттыруға кө­ңіл бөліп, ат салысып жүрген жан. Өмірін білім, ғылыммен өрнектеген ұлағатты ұстаз, ғылым атасы 70 жасқа толды.

Достықтың жар­қын үлгісін көрсетіп келе жат­қан университет президенті, академик, химия ғылымдарының докторы, профессор Әб­дімұса Мұратұлының еңбегі еле­нгенін ел ғана емес, әлем мойындады. Академиктің айтулы 70 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясына республикамыздың ғалымдары мен жоғары оқу орнының басшылары жиналғаны осыны дәлелдесе керек. Жиынға облыс басшысының орынбасары Әли Бектаевта қатысып, құрмет көрсетті.

Әли Бектаев, облыс әкімінің орынбасары: «Әбекеңнің облысқа сіңіріп жүрген еңбегі ерен. Ғылым саласына сіңіріп жүрген еңбегі орасан. Облыстың өркендеуіне, жастардың тәрбиесіне сіңіріп жұрген еңбегі ұлан-ғайыр. Қолынан қаншама шәкірттер тәрбиеленіп шығып жатыр».

Жылы сөздер, жақсы тілектер. Әбір сахна төріне көтерілген азамат, Әбдімұса Қуатбековтың еңбек жолының жарқын, жастарға берер тәлімі мол екенін тілге тиек етті. Әріптестері қызыға да, қызғана да қарайтындықтарын мойындап, жандарында жақсы азаматтың жүргенін мақтан тұтты.

Сұлтанбек Бердібеков, тарих кафедрасының меңгерушісі:«Әбекеңнің бойындағы үлкен қаситтердің бірі, ол жастарға деген қамқорлығында. Ол әкелік және аталық ақылымен әрбір студент жасқа көмегін көрсітіп келе жатқан азамат. Ол тәрбиелеп отырған жастардың арасында 19 студент Қонаев стипендиясын алады».

Өмірлік жолын білімге арнаған ардақты жанның жеткен жетістігі де жетерлік. Болашағының іргесін бүгіннен бастап қалап, жас ұрпақтың білімге құштарлығын аттырудағы еңбегін кейінгі толқын шәкірттері де мойындайды.

Айгүл Нахипова, Халықтар достығы университетінің студенті: «Мен бұл кісіге өте қызығамын. Бұл кісінің жолын, еңбек сүйгіштігін берсін бізге. Мен жақында грантқа өттім. Грант иегері болдым. Әбдімұса Қуатбековке рахмет».

Мерейлі жетпіс жасқа толып отырған Әбдімұса Қуатбековтың отбасын Оңтүстік өңі­рі «Академиктер отбасы» деп те атап кеткен. Үлгі өнегесі мол ардақты жанның отбасы аман, дені сау болсын деп тіледік.