Уәлибек Әбдірайымов
Уәлибек Әбдірайымов
Уәлибек Әбдірайымов

Уәлибек Әбдірайымов, Қазақ эстрада Одағының мүшесі, сатирик, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры:

– Күні кеше Қазақ эстрада Одағы құрылды. Бұл Одақ немен айналысуы керек? Меніңше, жаңбырдан соң саңырауқұлақтай қаптаған театрлардың санын қысқартып, сүзгіден өткендеріне ғана лицензия берілуі тиіс. Қазір үш жігіттен құралған театр-лар қазақ сатирасын сайқымазаққа айналдырып бітті. Өзбекстан, Қырғыз, Қытай мемлекеттерінде сахнада көрсетілетін әрбір қойылымға қатаң тәртіп орнатылған. Ол жақта гастрольмен сапармен келген шетелдік театрлардың халыққа ұсынатын әзілдері алдын ала қатаң тексерістен өтеді. Арзанқол дүниелерге жол берілмейді. Қазақ сатирасының беделін арттыру үшін отандық әзіл-сықақ театрларына талапты күшейту керек.