Шымкентте күлкі думаны өтті

291
"Күлкі думан" сазды жобасынан

Облыстық әзіл-ысқақ театрының 6-маусымының шымылдығын түрген «Күлкі-думан» жобасы өтті. Бағдарламаның премьерасын тамашалауға келген көпшіліктің қарасы қалың болды.

"Күлкі думан" сазды жобасынан
«Күлкі думан» сазды жобасынан

Көпшілікке күлкі думанын сыйлаған қойылымды сатиралық монологтың саңлағы Уәлибек Әбдірайымов бастап берді. Қабы қалжыңға толып жүретін сықақшы жыл сайын осындай қойымдарды жұртшылыққа тарту етіп отырады. Бұл жолы сахнадан айтылған әзілмен қоса әнді де театр әртістерінің өздері орындап шықты.

Уәлибек Әбдірайымов, «Күлкі-думан» сазды жобасының авторы, қоюшы-режиссері: «Өзінен-өзі бір кезде ән туып кетеді, әртістер бір-біріне «Ән айтсаң қайтеді?» деп, сөз ұластырады. Нәтижесінде ән айтылып, интермедиаға ұласып кетіп қалады.  Бұл думанда бір театрдың әртістері әнді де өздері айтып, рөлдерді де өздері ойнап кетуі керек.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=rOkwxPi32zQ[/youtube]

«Әзіл-сықақ» театрының бұл жолғы думаны бір жарым сағатқа созылды. Ал осынша қысқа қойылымды дайындау үшін театр ұжмысдары 1 ай бойы дайындалған. Оны көрермендер де бағалады.

Еркін Шымырқұлов, көрермен: «Бүгінгі «Күлкі-думанның» әдемі қойылымы маған ерекше ұнады. Қазақта «Күлсең, шын күл, шер тарқасын көңілден» дейді ғой, сол секілді маған әдемі әсер етті.»

 Театрдың 6-маусымының шымылдығын түрген «Күлкі-думан» жобасы жыл бойы жалғасын табады. Бұған қоса өнер ұжымы жуырда қостанайлық режиссер Ержан Қаулановтың таңдаулы еңбектерін сахналайтын болады.