Бүйрек ауыстырған науқастар үйлеріне шығарылды

Мәди Бегалиев науқастармен бірге

Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында ота жасалған науқастар бүгін үйлеріне шығарылды. Олар бүйректерін ауыстырған болатын. Өңірде алғаш рет өткен мұндай ота алғашында — 4 , екінші кезеңде 7 адамға жасалды.

Мәди Бегалиев науқастармен бірге
Мәди Бегалиев науқастармен бірге

Бүгінде науқастардың жағдайы қалыпты. Олар өздігінше тамақ ішіп, жүріп-тұра алады. Естеріңізде болса, бүйрек ауыстыру оталары Корея университеті госпиталінің трансплантолог мамандарымен бірлесіп жасалды. Өңірде алғаш рет өткен мұндай ота мемлекет есебінен тегін жасалған. Қазір оңтүстікте 300-ден астам науқас созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ақырғы стадиясы бойынша диализ қолданып жүр. Ал алыс-жақын шетелдерде донорлық бүйрек ауыстыру операциясы жасалған 35 науқас есепте тіркеулі.

Айта кету керек, бүйрек ауыстыруға мұқтаж азаматтарға донор табу — қиын. Өйткені, науқасқа тек жақын туған-туыстары, бауырларының ғана бүйректері сәйкес келуі мүмкін. Онда да қанның қай топқа жататынына мән беріледі.

Бауыржан Абдуллаев: «Ота жасатқанға дейін жағдайым нашар еді, екі бүйректің де істен шығуына байланысты ағзамда түрлі ауытқулар орын алған. Қан қысымым да жиі көтерілетін. Қазір Аллаға шүкір, жағдайым жақсы. Алғашқыда шетелге барып емделмекші де болдым. Ол үшін көлемді қаржы қажет болды. Кейін өзіміздің облыста осындай ота жасалатынын естігенде қатты қуандым. Әрі мемлекет есебінен тегін екен».

Дәрігерлердің айтуынша, бүйрегін берген донорлардың жағдайы екі бүйрегі бар адамдармен тепе-тең болады екен. Яғни, ол азаматтар бір бүйрегі жоқ болғанымен, мүгедектер қатарына саналмайды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=BUHpBorEV3A[/youtube]