Диализдегі науқастар нефрология бөлімінің жабылуына қарсы

11

Өңіріміздегі ең ірі созылмалы бүйрек ауруларын емдейтін бөлім жабылып жатыр. №1 қалалық клиникалық ауруханасындағы нефрология бөліміде емделуге кезегін күткен 1000-ға тарта науқас бар. Енді олар бұл бөлім жабылса, тиісті ем-домымызды ала алмай қаламыз ба деп алаңдаулы. Ал жауапты мамандардың айтар өз уәжі бар. 

Кешеден бері аурухананың қуыс-қуысын паналаған науқастар нефрология білімінің жабылғанына қарсы. Себебі бүйрегін ауыстырған пациенттер иммунитеті төмен болғандықтан жалпы бөлімге көшірсе бір ауруға екіншісін жамап аламыз деп қауіптенеді.

Мақсат Құлсериев, науқас: «Трансплантация жасап болған соң иммунитетіміз нашарлайды. Себебі иммунитетті түсіретін дәрі ішеміз біз. Ал ол кезде кез келген ауру жабысады. Ол жердле гриппен де адам жатады. Ол бізге бірден жұғады. Соған қарамастан бізді терапияға қосып жатыр».

Бұған дейін мұнда диализ қабылдайтын науқастарға арналған 15 орын болған. Арызданушылардың айтуынша аурухана ұжымы ол жерді жауып, онсызда жағдайы мәз емес науқастарды терапия бөліміне апарып жатқызбақ. Бірақ ол жақтағы жағдай да көңіл көншітпейді.

Мөлдір Құрбанова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Диализ қабылдап жатыр қазір. Қайда жатарын білмей әбіржіп жатырмыз. Орын жоқ дейді. Үйге шығарып жатыр. Шланга тығып қойған онымен қалай біз үйде қараймыз».

Ал аурухана басшылығының бұл жайтқа қатысты өз уәжі бар.

Абылай Дөңбай, №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері: 
«Терапия- нефрология бөлімі жабылған жоқ. Керісінше көркейіп жатыр. Бізде нефрология гастроентология бәрі терапия деп аталады. Жабылайын деп жатқан жоқ койка қосылып, жағдай жасайын деп жатырмыз адамдарға»

Нефрологияның аты ауысқанмен науқастарға өз дәрігерлері жауап береді. Себебі аурухана басшысы ақ халаттылар арасында ешқандай ауыс-түйіс болмайтынын айтты.