электронды ақапараттың ауқымы кеңейіп келеді

Қазақстандықтар электронды үкімет арқылы 15 минут ішінде несиелік жағдайларын біле алады. Электронды үкімет порталы «Ұжымдық несие қорытындысын алу» қызметін іске қосты. Өзінің кредиттік төлем ахуалын egov.kz порталының кез келген қолданушысы бақылай алады.

электронды ақапараттың ауқымы кеңейіп келеді
Электронды ақпараттың аумағы кеңейіп келеді

Айта кетейік, қорытындыны алу үшін кез келген қазақстандық банктің төлем картасы мен электрондық-сандық тіркелім қажет. Қазақстан Республикасының кредиттік бюро мен кредиттік тарихтың қалыптасу тармағының 2-бабы бойынша бір жыл ішінде қолданушылар кредиттік жағдайын бір рет тегін қарауға мүмкіндік алады. Бір жыл көлемінде несиелік қорытынды есепті тағы алуға ұсыныс білдірсе, ол қызмет үшін 500 теңге төлеуі тиіс. Оның 400 теңгесі кредиттік бюро тарифі мен 100 теңге портал арқылы төлем қызметін жүргізу құны.