«Қыс шанаңды жазда сайла» немесе мұржа тазалаудың мәселесі

804
Үйдің өңеші мен желдеткіш жүйесі осылайша тазаланады

Күн суытып, қыс келеді. От жағып, жылынатын күн де алыс емес. Осыған орай қысқа дайындыққа қатысты күрделіліктер басталды. Шымкенттегі бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары мұржаларды тазартатын мекемелердің қызметіне наразылықтарын білдіруде. Айтуларынша, көпқабатты үйдің түтіндігін бір емес, екі бірдей мекеме тексеріп жүр.

Жители сами дают заявку на очистку дымоходов
Мұржаларды тазалауға тапсырысты тұрғындар береді

Жақында Кремль көшесіндегі мына үйдің шатырдан бастап жертөлесіне дейін өңеші мен желдеткіш жүйесі тазартылды. Алайда екінші қабаттағы пәтерде тұратын Гүлнәр Молдабекова мамандарды қайта шақыратын болды.

Гүлнәр Молдабекова: «Газшылар келді де тексеріп көрді. «Жақсы тазартылмаған, тартысы жоқ» деді. Енді өзім қарап тұрамын, балаларға қайта жасатамын. Қызметтің ақысын әлі төлемедім».

Ал мұржаларды тазалаған «Қауіпсіз Газ Шымкент» мекемесінің мамандары егер тірліктің сапасына назар адамдар болса, 60-35-04 телефон нөміріне хабарлассын дейді.

 Руслан Қожабергенов, «Қауіпсіз Газ Шымкент» ЖШС өкілі: «Тазалау біткен соң жұмыстың актісі беріледі. Егер тұрғынның жұмыс сапасына көңілі толса, түбіртек арқылы төлейді. Жылына — 840 теңге. Сонда әр айға 70 теңгеден болып тұр. Егер арыздар болса, қайта тазалаймыз.»

Үйдің өңеші мен желдеткіш жүйесі осылайша тазаланады
Үйдің өңеші мен желдеткіш жүйесі осылайша тазаланады

Құрылғанына бір айдан асқан серіктестік қаладағы 18 үйдегі мұржа мен желдеткіш жүйелерін тазалапты. Бұл жұмыспен Шымкентте бірнеше мекеме айналысады екен. Сондықтан тұрғындар жұмысқа тапсырыс бергенде мұқият болғаны абзал. Желдеткіш пен мұржаларды тазалау жұмыстары тек тұрғындардың келісімі негізінде жүргізіледі. Тағы бір айта кететін жәйт, төлемді тұрғындар актіде көрсетілген жұмыстарды қабылдап алғаннан кейін ғана төлеуге құқылы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=QG_yiOjN6yU[/youtube]