Халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісім

68

Қазақстан АҚШ-пен халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялады. Бұл келісімді ратификациялау туралы Заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Келісім қаржы ұйымдарының, оның ішінде кредит ұйымдарының, сақтандыру, брокерлік және басқа да осыған ұқсас компаниялардың қызметіне қатысты.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның келісімге қосылуы АҚШ-та шот ашқан барлық қазақстандық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын.
Министр аталған мәселе бойынша елдер арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстан бюджетіне оң әсер етуі тиіс деп есептейді.