«Тассай» білім тарату орталығында кешегі аптада «Ауыл шаруашылығы малдарын өсірудің тиімді әдістері және шалғайдағы мал шаруашылығының маңызы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі және қайта өңдеу технологиясы» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Семинарға 20-дан астам ауылшаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп жүрген өндірістік кооператив мамандары қатысты.
Дәрістерді «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС бас ғылыми қызметкерлері а.ш.ғ. докторы, профессорлар М.Есқара мен Ш.Зарпуллаевтар өткізді.
Семинар барысында ауыл шаруашылығы малдарын өсірудің негізгі әдістері, мал шаруашылығының даму перспективалары, шалғайдағы мал шаруашылығының негіздері және Қазақстанның мал шаруашылығындағы басқа да маңызды мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ, мал шаруашылығындағы негізгі өндірістік және технологиялық процесстер, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі және қайта өңдеу технологиясы қарастырылды.
Семинар аясында, Шымкент қаласының «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан тері өңдеу бойынша «Turan-Skin» ЖШС зауытының базасында көшпелі сабақ өткізілді. Семинар тыңдаушылары аталған зауыттың негізгі қызметтерімен: теріні алғашқы өңдеу, теріні физика-химиялық өңдеу, «wet blue» жартылай фабрикаттарын дайындау және т.б. танысты.
Семинар соңында тыңдаушылыарға сертификат тапсырылды.
Саят ЖҰМАҒҰЛОВ