Оңтүстікте жер сілкінді

344
сурет интернеттен алынды

Бүгін таңғы сағат 07:21 минутта Оңтүстік Қазақстанда магнитудасы 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді. Сейсмологтардың мәліметінше, зілзала ошағы Шымкенттің солтүстік аймағында 60 шақырым жерде екені анықталған.

 

Фотосурет мұрағаттан алынды

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,1, MPVтербелісі – 4,4. Жер сілкінісі кіндігінің координаттары – 42.74° солтүстік ендік, 69.63° шығыс бойлық, тереңдігі – 10 шақырым.

Сондай-ақ, Алматы уақытымен 07 сағат 21 минут 29 секундта жер сілкінісі тіркеді. Зілзала ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 596 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,1, MPVтербелісі – 4,3. Жер сілкінісі кінідігінің координаттары – 42.74° солтүстік ендік, 69.63° шығыс бойлық, тереңдігі – 10 шақырым.