Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданында жас спортшылар арасында жаппай төбелес болып, салдарынан бір жігіт қаза тапты. Тағы төртеуі түрлі дәрежеде жарақат алған. Туған күн кешіне барған бір топ палуандарға дәмханада отырған жерінен белгісіз біреулер келіп, жаппай пышақтаған.
Қазір осы қайғылы оқиғаға байланысты арнайы тексеру тобы құрыған. Қанды оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр. Бір күдікті ұсталған.
Оқыс оқиға түн ішінде болған. Туған күн кешін тойлап отырған 5 жігітке белгісіз біреулер бір мезетте ту сырттарынан пышақ ұрады. Салдарынан төртеуі ауыр жарақат алған, ал біреуі оқиға орнында қаза тапты. Мерт болған 18 жасар Абылайдың денесі кафеден 27 метр жерден табылған.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NpjTYre2iYQ[/youtube]
Осылайша бүтіндей бір әулет қара жамылып қалды. Үйдегі шиеттей бала-шағаның ересегі Абылай ауру анасына нағыз қолғабыс болыпты. Тіпті жанұясын бағу үшін колледждегі оқуынан да өткен жылы өз еркімен шығып кеткен екен.
Қыршынынан қиылған Абылайдан өзгесі қазір ауруханада жатыр. Үшеуінің хәлі — орташа. Енді бірі аздаған ем қабылдаған соң үйіне жіберіліпті. Ең хәлі мүшкіл Қазыбектің өмірі үшін дәрігерлер біраз алысқан екен. Қазір ол да жалпы палатаға шығарылды.
Қазыбек Баймұратов, жәбірленуші: «Қалай болғанын білмеймін. Артымнан пышақ тақ ете қалды. Артыма қараған едім, біреуі кетіп бара жатыр екен. Денемді ұстап көрсем, қолыма қан жағылды».
Пышақталған жеткіншектердің дені 18 жаста. Барлығы жергілікті күрес секциясында жаттығып жүрген. Өздері сол күні пышақтаған жігіттермен арада нақты не болғанын ашық айтудан бас тартып отыр. Ауыр жарақат алса да полицияға арызданданғылары жоқ. Дегенмен, тәртіп сақшылары іздеп жүріп бір күдікті тауып алыпты. Тергеушілердің айтуынша, сезікті — Сарыағаш қаласының тұрғыны, 1994 жылы туылған.
Қазір жаппай төбелес болған дәмхана жабылды. Тұрғындардый айтуынша, мұнда соңы қайғылы аяқталатын оқиғалар жиі орын алады екен.