21-қыркүйек күні Шымкентте жалпыхалықтық сенбілік өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлап отыр.
![Сенбіліктің бір сәті](http://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2013/09/0051.jpg)
«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! 2013 жылдың 21-қыркүйегі күні жалпықалалық сенбілік өтеді. Оған бір кісідей қатысып, өз аулаларыңыз бен көшелеріңізді, тұратын аумақтарыңызды тазалауда белсенділік танытуға шақырамыз!»
Шымкент қаласының әкімдігі