Қазақстанда еңбек мигранттарының саны жылдан жылға артып отыр. Статистика мәліметтері осылай дейді. Қазірдің өзінде олардың үлесі үш жүз мыңнан бір миллион адамға артты деген болжам бар. Келімсектердің басым бөлігі — Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс іздеп сандалғандар.
Полицейлердің айтуынша, Өзбекстаннан келген еңбек мигрантарының көбісі қазір Шымкенттегі құрылыста жұмыс істейді. Олар көбіне жеке үй салады. Сондай-ақ, саңырау құлақтай қаптаған тамақтану орындарында да көп кездестіресіз.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hOjLIleM-68[/youtube]
Тағы бір анықталған жайт — шетел азаматтары облыс орталығына Сарыағаш қаласынан жиі келеді. Өйткені, бұл аймақта құрылыс жұмыстары көп. Сондықтан қазір аудан көші-қон полиция қызметерлерінің қатаң бақылауында.