Алып цистерна жанып жатыр

Таяуда Шымкентте мұнай өнімдері құйылған цистерна өртенді. Бұл оқиға қаладан шыға берісте орын алды. Леңгір тасжолы бойындағы мекемелердің бірінің ауласында тұрған 14 тонналық цистерна қызыл жалынға оранған.

Алып цистерна жанып жатыр
Алып цистерна жанып жатыр

Суыт хабар 101 кезекші бөліміне түскен соң оқиға орнына 4 арнайы топ аттанады. 25 маман жабылып жүріп, тілсіз жауды 30 минутта ауыздықтады. Олар цистернаны ақ көбікпен көмім тастады. Абырой болғанда зардап шеккен адам жоқ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sJL4auFh7vs[/youtube]