Мұнай өнімдеріне белгіленген шекті бағаға қатысты қаулы жобасы көпшілікке ұсынылды

28

Энергетика министрлігі мұнай өнімдеріне белгіленген шекті бағаға қатысты қаулы жобасын көпшілікке ұсынды. Жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжат 2023 жылғы 3 қаңтарға дейін талқыланады.

Жарияланған жобаға сәйкес, маркалы бензиннің бағасы тұрақты деңгейде қалады. Атап айтар болсақ, Аи-80 – 89 теңге деңгейінде болады. Ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы 1 литріне 187 теңге. Қазақстанның басқа облыстарында 1 литріне 182 теңге, дизель отынының бағасы 1 литріне 450 теңге.
Сондай-ақ елде берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті өңіріне қарай күніне 100 литр көлемде бір литріне 230-260 теңге бағамен белгіленген.
Қазақстан Республикасында көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін бекітілген лимит 300 литр үшін тәулігіне өңіріне қарай 1 литр үшін 230-260 теңге бағамен жіберіледі.
Қалған санаттағы адамдарға, сонымен қатар дизель отынын көрсетілген лимиттерден артық сатып алған кезде 1 литріне 450 теңгеден алуға рұқсат.