«Жұмыспен қамту — 2020» мемлекеттік бағдарламасын бұра тартқандардың әрекеті әшкерленді. Бұл былықты Шымкенттегі Әл Фараби аудандық прокуратурасы анықтап отыр. Қаладағы № 64 мектеп-гимназиясына 2012 жылы «Жастар тәжірбиесін» өткен 49 тұлғаның екеуі жалған боп шықты. Яғни, олардың осы білім ошағында жұмыс істемегендері және ешқандай еңбек жалақысын алмағаны анықталған. Салдарынан мемлекет қоржынынан 303 901 теңге жымқырылды.
Қазіргі таңда осы факті бойынша күдікті деп танылған азаматша өз кінәсін толық мойындап, барлық қаржы мемлекет бюджетке кері қайтарылды. Сөйтіп қылмыстық іс қозғалмаған. Ал № 64 мектеп-гимназиясының директоры мен іске қатысты қызметкерлерге қатысты тәртіптік шара қолданылды.