2013 жылдың 24 қыркүйек күні Шымкент қаласының аумағында жер сілкінісі қаупі орын алған кезде халықтың іс-қимылдары бойынша сейсмикалық оқу-жаттығу өткізіледі.
Жаттығу кезінде электросиреналары іске қосылып, сол арқылы «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дабылы жеткізіледі. Дабылдан соң үрейге берілмей, сабыр сақтаңыздар. Теледидар және радио желілерін іске қосып, Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл ақпаратын тыңдап, берілген нұсқаулықтарға сәйкес іс-әрекеттер жасауларыңызды сұранамыз.
Төтенше жағдайлар департаменті