Конституциясы күніне орай Төтенше жағдайлар департаменті салтанатты жиын өткізді

406
Фото DayNews.kz

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Төтенше жағдайлар департаменті салтанатты жиналыс өткізді. Іс шара барысында Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің дамуына және жетілдіруіне өз үлесін қосып, өз қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Ішкі істер министірінің бұйрығымен бірқатар маман марапатқа ие болды.

Сондай-ақ, департаменттің 6 қызметкерінің мейрам қарсанында шендері өсіп, тағы 5 құтқарушыға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі табысталады. Елге қиындық туғанда көмекке келетін құтқарушы аға буынның ізін басар жастар бар бүгінде. Бақдәулет Асанхан биылғы салтанатты шараға алғаш қатысуы. Есін білгенен бері өз еліне адал қызмет етуді армандапты.

Бақдәулет Асанхан, Шымкент қаласының ТЖД аға инженері: “Бұл мамандықты мен кішкетайымнан армандадым. Өз мемлекетіме адал қызмет ету үшін таңдадым. Кішкентайымнан әскери адам болғанды қалайтын едім. Бұл салада өрт сөндіру, адамдарды құтқаруға қатысасың сол үшін ұнайды бұл мамандық маған”.

Ернар Балабеков