Бүгін — «Қазақзергердің» құрылған күні. 72 жылдан бері зергерлік өнерді бағалайтындарды қайталанбас алтын және күміс әшекейлермен қуантып келе жатқан мекеменің Оңтүстіктегі филиалы мерейтойды ерекше бастады. Олай дейтініміз, бүгіннен бастап «Қазақзергерде» бір айға жалғасатын акция қолға алынды.
Гауһар Жұмабаева отбасындағы қалыптасқан дәстүр бойынша алдымен бұйымның сапасына мән береді. Сондықтан әшекей алуға әдеттегідей сүйікті дүкеніне құрбысымен бас сұқты. Қуанышқа орай бүгіннен, яғни, 1-қазаннан бастап мұнда 20 пайыздық жеңілдік жүруде. Оған қоса 50 мың теңгеге дейін және одан жоғары қаражатқа бұйым алған сатушыға купон беріледі. Ал бұл Гауһар секілді студент үшін нағыз сый.
Осыдан 72 жыл бұрын дәл 1-қазанда жұмысын бастаған «Қазақзергер» бүгінге дейін он саусағынан өнері тамған сан зергердің басын қосты. Нәтижесінде, мекеменің алтын және күміс әшкелейлерінің әсемдігіне сапасының сай екенін шартарап мойындады. Бүгінде дүкеннен өзіміздің зергерлердің ұлттық нақышта жасаған бағалы бұйымдарымен бірге, Ресей, Болгария, және Арменияның асыл тасты алқа, сақина, білезік, сырға секілді түрлі алтын, күмістерін сатып ала аласыз.
Эльмира Бегманова, «Қазақзергердің» директоры: «Акция қазанның 1-нен 31-не дейін жалғасады. 50 мың және одан жоғары бағаға бұйым сатып алсаңыз, купон беріледі. Ал купонды 2-қарашада ойнатамыз. Сыйға он, жиырма және отыз мың теңгенің сертификатын береміз. Ал ең үлкен сый — 100 мың теңгелік сертификат.»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pLxX09DTWrc[/youtube]
Сертификатқа сай Сіз желтоқсан айының соңына дейін «Қазақзергерден» соншалықты бағаға таңдаған әшкекейді аласыз. Ал қазан айында сатып алған бұйымға 20 пайыз жеңілдік болса, сертификат алсаңыз, қарашада әр бұйымға 5 пайыз түсірілім қарастырылған.
«Қазақзергердің» мекенжайы: Дулати көшесі, 9-үй.