Қала әкімдігі 1000-ға жуық отбасыға азық-түлік таратты

Шымкент қаласының әкімдігі Құрбан айты мерекесіне орай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік өнімдерін үлестірді. Шаһардағы мыңнан аса отбасына ұн, май, макарон өнімдерінен басқа да тұрмыстық заттар да қосымша таратылды. Мамандар, осы азаматтардың үйлеріне барып, айтулы мерекемен құттықтауды да ұмыт қалдырмады.

Қала әкімдігі 1000-ға жуық отбасыға азық-түлік таратты
Қала әкімдігі мыңға жуық отбасыға азық-түлік таратты

 Гүлжан Құрманбекова, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Қала тұрғындарын қала әкімінің атынан Құрбан айтымен құттықтай отырып, осындай үлкен іс-шара ұйымдастырып отырмыз. Оған қаламыздың кәсіпкерлері демеушілік жасап отыр. Бұдан басқа қала әкімдігі Құрбан айтта құрбандыққа мал шалады, сол малдың еттерін қаламыздағы мешіттерге таратамыз.»

Әкімдік мамандарының мәліметінше, бұл қайырымдылық шарасына тек қаламыздың кәсіпкерлері ғана демеушілік жасап отыр. Ал Әл Фараби, Еңбекші, Абай аудандарының әкімдіктері де тұрғындарға қосымша тамақ өнімдерін ұсынды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0BP2i1c3-ss[/youtube]