Шымкент қаласының әкімі ауысты ма?

235

Шымкентке жаңа әкім тағайындалғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды OTYRAR.

«Бүгін бізге БАҚ өкілдерінің көбі осы сұрақты қойды. Бірақ Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің кеткені туралы қауесет жалған. Орнымызда, жұмыс істеп жатырмыз», – деді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс.

Ал қазір әлеуметтік желіде Дархан Сатыбалдының Шымкентке әкім болып тағайындалғаны туралы хабарлама тарап жатыр.

«Шымкент қаласының әкімі болып бұрынғы Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды тағайындалды», – делінген хабарламада.

Шымкент қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.