Әскери қариялар бас қосты

Шымкенттегі 65-06 әскери бөлімінде 1-қазан — Қарттар күніне орай іс-шара өтті. Онда өмірлерін әскери қызметке арнаған 10 ардагерге мерекелік концерт ұйымдастырылып, арнайы сыйлықтар тарту етілді.

Әскери қариялар бас қосты
Әскери ардагерлер бас қосты

Жиналғандар ардагерлердің естеліктерін тыңдап, олардың өмір жолымен танысты. Әскери бөлімшедегі ардагерлер кеңесі төрағасының айтуынша, қариялар барлық құрметке лайық. Себебі, олар бар өмірін жастардың әскери тәрбиесіне арнаған.

Мәжит Жүсіпбаев, 65-06 әскери бөлімнің ардагерлер кеңесінің төрағасы: «Бұл қарттардың жасы қазір 80-нен асып кетті. Біздің құттықтауымыз оларды балаша қуантады. Оларға аптасына бір рет хабарласып, жағдайын біліп отырамыз.»

Әскери бөлімшенің қызметкерлері іс-шараға қатыса алмаған ардагерлердің үйіне барып құттықтады. Олардың көңілдерін көтеру үшін гүл шоқтары мен ақшалай сыйлық тарту етілді.