Рухани келісім күні

 Осымен 21-ші рет елімізде аталып өтіп отырған бұл күн негізінен тәуелсіз қазастанның алғашқы белгілеген мерекесі. Рухани келісім мерекесін ескерусіз қалдырғысы келмеген дін өкілдері ертемен облыстық әкімдікке жиылып, діни ахуалды талқылауға асықты. Оларды атаулы күнмен облыс әкімінің орынбасары құттықтады.

Рухани келісім күні
Рухани келісім күні

Ариель әкей: » Барлық дін өкілдері достықта өмір сүріп келеді. Барлығымыз бір бағытта келеміз. Өйткені ұлт пен ұлыстың татулығы еліміз үшін маңызды болса, бұл орайда біздің жұмысымыздыңда маңыздылығы орасан».

Рухани ізгіліктерді қадір тұтқан біздің елде өзара келісімнің негізі қалыптасқан деседі басқосуға жиылған облыстағы 11 конфессияның өкілі. Бірақ, оларды алаңдататыны жалғыз мәселе. Ол жастардың діни сауаттылығы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=m8rPTR3agbw[/youtube]

Нұржан Тұрсынбай, ОҚО ішкі саясат басқармасының әлеуметтік бастамалар орталығы меңгерушісі: » Олардың діни иммунитетін көтеру керек. Өйткені басқа ағымдардың қатарына кетіп қалмауы керек. Өздеріңіз білесіздер дін атын жамылған саяси топты мақсат еткендер өте көп арамызда».

Бұл күні елдегі барлық мешіттер мен шіркеулерде татулық пен бейбітшілік уағыздалатын болады.