«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жобасы жіті бақылауда

694

«Батыс Қытай — Батыс Еуропа» тасжолының құрылысы — қатаң қадағалауда. Жобаны жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар да белсене кіріскен. Естеріңізде болса, былтыр автомобиль жолдары комитеті құрылыс жұмыстарын қадағалайтын кеңесшілермен, Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Үш тарап бүгінде құрылыс жүріп жатқан аумақтарда мониторинг жүргізуде.

Жұмыс тобы ғасыр жобасы іске асырылып жатқан аумақтардағы қарапайым халықтың мұң-мұқтажының оң шешілуіне атсалысуда. Мамандар жоба жүзеге асырылып жатқан 5 облысты, атап айтқанда, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарын қамтып отыр. Бірлескен топ мүшелері жер телімдерін сатып алу жолдарын қарастырып, құрылыс жұмыстарының қоршаған ортаға тигізер әсерін бақылауға алады. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты арыз-шағымдармен жұмыс жүргізіп, тіпті, шаң-тозаң мен у-шудан мезі болған халықтың жанайқайын тыңдауға да дайын.

Айта кетейік, жыл соңына дейін біздің облыстан өтетін, ұзындығы 224 мың шақырым жолдың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Ал Темірлан ауылына кіретін айналма жолдың құрылысы келесі жылдың еншісіне қалды. Бұйыртса, 2015 жылы ғаламат жоба толықтай жүзеге асырылып, ел игілігіне берілмек. Жолдың сапасы барлық халықаралық талаптарға сай дейді мамандар. Өйткені бақылау мен талап күшті.

Мәселен, жоба аясындағы жол сапасы 5 деңгейлі бақылаудан өткізіледі. Ең негізгі бақылауды тендер арқылы анықталған бақылаушы компаниялар жүзеге асырады. Одан кейінгі кезең операциялық бақылау деп аталады. Онда мамандар жолдың тегістігі мен қалыңдығына назар аударады. Төселген асфальтте титтей ақау болса, кеңесшілер ондай жолды қабылдамайды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=o3UbgtyGQY8[/youtube]