Мал дәрігерлері жаңа автокөліктерге ие болды

418
кілтті тапсыру сәті

Оңтүстік Қазақстан облысында 186 ауыл округі бар. Бүгін соның 172-інде орналасқан ветеринария бекеттеріне  Қазақстанда жасалған «Нива» көліктері тарту етілді.

Қызметтік көлік
Су жаңа қызметтік көліктер

Салтанатты түрде қызметтік көліктің кілтін алған мамандардың қуанышында шек жоқ. Шалғай жердегі ауылдарға шақырту алғанда жылдам барып, төрт түліктің жедел жәрдемшісіне айналамыз деп отыр.

172 көліктің кілті салтанатты түрде тапсырылды

Арнайы жабдықталған 172 «Нива» автокөлігінің кілтін облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев табыстады. Бүгінгі таңда аудан мен қалаларда ветеринариялық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар құрылып, оларда 1500 малдәрігер мамандары жұмыс атқаруда. 

Бүгінгі қадам — мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде етті мал өсіруді дамыту бағытында мемлекет тарапынан жасалып жатқан ауқымды жұмыстың бастамасы. Өйткені ветеринария саласы кенжелеп қалған болатын. Енді оларға жүктеліп отырған міндеттер де орасан.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=G6gUswfTm2I[/youtube]

Базарбек Омаров, ОҚО ауылшаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімінің басшысы:  «Мал дәрігерлеріне автокөлік беру деген бұрын болмаған жағдай. Үкімет ауыл шаруашылығында еттің экспортын дамыту бағытында ветеринар мамандарды қолдап жатыр. Мал дәрігерлері болмаса мал шаруашылығы да дамымайды.»

Осыдан екі-үш жыл бұрын ветеринария бекеттері түгілі, мал дәрігерлері тапшы еді. Екі ауылға бір маман қызмет етіп, жұқпалы ауруларды өршітіп те алдық. Қазығұрт ауданында ірі қара аусылдан қырылды. Мұның себебін мал дәрігерлерінің салғырттығынан емес, қатынау құралының жоқтығынан деді сол кезде.

Тұрдалы Әбдірашов, Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылының мал дәрігері: «Осы уақытқа дейін көліксіз жұмыс жасап келдік қой. Соның салдарынан жмұысымыз сапалы деп айта алмаймын. Енді, міне, жақсы жағдай жасалып жатыр. Бұл Елбасының жалпы мал дәрігерлік жұмыс емес, малмен айналысатындарға жасап жатқан қамқорлығы деп қарау керек.»

Кілтті тапсыру сәті

Республикалық бюджеттен бөлінген 704 миллион теңгеге алынған «Нива» автокөліктерінің ішінде қажетті сынамаларға арналған құрылғылардан бастап, шағын тоңазытқышқа дейін бар. Алдағы уақытта осы елдімекендердің аудандық бөлімшелеріне бірнеше жаңа автокөлік беріледі деп күтілуде.