Оңтүстікте экотуризмді дамыту қолға алынды

563
Әсем табиғат - экотуризмнің алғышарты

Қарт Қаратаудың Оңтүстік Қазақстан облысындағы қойнауынан экологиялық соқпағы бар алғашқы табиғи саябақ ашылды. Нәтижесінде Боралдайдың бойындағы табиғаты тамаша өңірде экотуризмді өрістетуге мүмкіндік жасалмақ. Мамандардың айтуынша, болашағы зор осы бастаманы одан ары дамыту арқылы толағай табыстарға қол жеткізуге болады. Тіпті, мұнда шетелдік туристерді көптеп тартудың мүмкіндігі де молынан қарастырылмақ.

Әсем табиғат - экотуризмнің алғышарты
Әсем табиғат — экотуризмнің алғышарты

Қазақстанда өсімдіктің 1700-ден астам түрі өссе, соның жартысын осы Боралдайдың бөктерінен кездестіруге болады. Басқа еш өңірді жерсінбейтін аң-құстар да осы аймақты мекендейді. Ал көне заманнан қалған таңбалы тастар — өз алдына бір тақырып. Бір өкініштісі, байырғы тарихи таңбаларды тәрбиесіз замандастарымыз бүлініп жатыр.

Қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтап, байлығын қорғау үшін биыл осы аймақта «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи саябағы құрылды. Оның құрамына табиғаты ерекше үш аймақ кірді. Соның нәтижесінде Боралдай тауында өңірде алғаш рет экосоқпақ пайда болды. Енді мұнда демалысқа келушілерге жағдай жасалып, экотуризмді дамыту қолға алынбақшы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=80kdSpo7DrM[/youtube]

Бұл жолы ссындағы бұлақтардың көздері ашылып, жас ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, фенологиялық бақылау аумағы да жұмыс істейтін болады. Алдағы уақытта аймақта тағы осындай жеті экосоқпақ құрылмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=EC6BhzfVthY[/youtube]

Табиғаттың тұтастығы мен тепе-теңдігінің бұзылмауы адамдардың сана-сезіміне, жауапкершілігіне байланысты. Ал экосоқпақтар көбейіп, табиғи саябақтың жұмысын жандандыру — бұл бағыттағы талай тірлікке жол ашпақ.

Тас бетіндегі таңбалар тарихымыздан тіл қатады
Тас бетіндегі таңбалар тарихымыздан тіл қатады