Қасқасудағы тау шаңғы курорты халықаралық деңгейдегі демалыс орталығына айналмақ

493

«Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылында тау шаңғысы курортының негіздемесі қайта жасалып, жақында премьер- министр Асқар Маминге таныстырылды. Оның қажеттілігі дәлелденді. Енді бір-екі айда құжат дайындалады», деп атап өтті есепті жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

«Тау шаңғысы туризміне шетелдік азаматтар ынтазар. Олар, Австралиядан болса да келеді шаңғы тебуге. Ауқатты азаматтар әлемнің қандай бөлігінде болмасын, жақсы демалыс аймағына қаражаттарын аямайды. Бұл жақсы инвестиция… Бұл туризмнен бөлек, археологиялық, экотуризмді дамытуымыз керек. Зиярат етушілерге де жағдай жасауымыз керек. Егерде былтыр бізге 1,5 млн. астам саяхатшы келсе, 2025 жылы бұл көрсеткішті 5 млн. жеткізуіміз керек. Ол үшін мүмкіндік те бар, табиғатымыз да керемет» деп атап өтті әкім.

Шынар Оразова