Шымкент-Ташкент тасжолы жөнделе ме?

271
Шымкент-Сарыағаш бағытындағы облыстық жолда жөндеу жұмыстары басталып кетті

Сенаттағы экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы ынтымақтастық негізінде Шымкент — Ташкент жолын қайта жөндеу жобасына байланысты қарыз жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

Шымкент-Сарыағаш бағытындағы облыстық жолда жөндеу жұмыстары басталып кетті
Шымкент-Сарыағаш бағытындағы облыстық жол жөнделіп жатыр

Азия Даму Банкі қаржыландыратын жол бөлігінің ұзындығы 37 шақырымды құрайды. Келісімге сәйкес, Азия Даму Банкі Қазақстан Республикасына 125 миллион АҚШ доллары сомасындағы қарыз береді. 4 жылдық жеңілдік мерзімін қоса есептегенде бұл қарызды жабу уақыты 16 жылды құрайды.

Ал ел Үкіметі жөндеу жұмыстарына 22 миллион АҚШ доллар көлемінде қосымша қаржы бөлмек. Республикалық бюджеттің қаржысы құрылыс жұмыстарына, сондай-ақ, салық төлеуге жіберіледі.

Бұл жобаны іске асыру еліміздің көлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етіп, халықаралық көлік дәлізінің қазақстандық бөлігінде қозғалыс жиілігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, келісімге ағымдағы жылдың 28-мамырында Астанада қол қойылған болатын.  Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.