Шымкентцементтің құрылғанына — 55 жыл

230
Шымкентцементтің құрылғанына 55 жыл толды

Табыстың 55 жылы. Шымкентцемент зауытының құрылғанына биыл 55 жыл толды. Өндіріс орнының өткені мен бүгінгісін ардагер жұмысшыларынан артық ешкім білмес. Мерейтойын атап өтіп жатқан өндіріс орнының басшылығы мерекелік шараға осында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлерді шақырды.

Шымкентцементтің құрылғанына 55 жыл толды
Әріптестерін бас директордың өзі құттықтады

Геннадий Дьяк, ардагер жұмысшы: «Біздің кезімізде әртүрлі жағдай болды. Мен осында қызмет еткенде зауыттың айналасы ашық болатын. Керек десеңіз, үй-күйсіз адамдар осында келіп жылынатын. Ал қазір мұнда арнайы келген біз сияқты ардагерлердің өзі рұқсатпен кіреді. Бұл дегеніңіз — темірдей тәртіптің орнағаны. Тәртіп бар жерде сапалы жұмыс, оң нәтиже бар деп ойлаймын.»

Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері бойынша цементінің сапалылығымен аты шыққан өндіріс орнының бүгінгі жай-күйі көпшілікті қызықтырары сөзсіз. Жиналғандар зауыттың ішін арнайы аралап көрді.

«Шымкентцемент» акционерлік қоғамының бас директоры Габриель Морэн қонақтарды жаңа инновациялық жобаларымен таныстырды. «І.nova» жобасы арқылы өнімнің сұранасын аттыру қолға алынбақ.

 Габриель Морэн, «Шымкентцемент» АҚ бас директоры: «І.nova» жүйесі — Italcementi ғылыми зерттеу тобының жетістігі. Біздің өніміміз жаңа технология негізінде өзінің сапасы мен сұранысын арттыратынын мақтанышпен айта аламын. «Іnova жүйесі — таптырмайтын құрал, тұтынушының керегін қанағаттандыратын өнім шығарудың жолы. Осы жолмен «Шымкентцемент» мекемесі инновациялық өнім шығарып, заман көшіне ілесті.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6R72MKnrzf4[/youtube]

«Шымкентцемент» акционерлік қоғамы 55 жылдан бері Оңтүстік өңірі мен еліміздің өзге де аймағын сапалы цементпен қамтамасыз етіп келеді. Өндіріс орны 1998 жылдан бастапі әлемдегі бес алып өндіріс орнының бірі — Italcementi Group компаниясының бір бөлшегіне айналды. Содан бері зауыт басшылығы 25 миллион АҚШ долларын қоршаған ортаға зиянын тигізбеу мақсатында жұмсаған. Ал бұл жолғы жаңа инновациялық жоба «Жасыл ел» экономикасын жүзеге асырауда пайдаланылмақ.