«Шымкентцемент» АҚ Түркістанда дүкен ашты

440
"Он қап сатып алда, бір қапты тегін өзіңе сыйла" акциясы өтуде
"Он қап сатып  алда, бір қапты тегін өзіңе сыйла" акциясы өтуде
«Он қап сатып алда, бір қапты тегін өзіңе сыйла» акциясы өтуде

«Шымкентцемент» АҚ өнімін енді түркістандықтар да тұтына алады. Республикамыздың рухани астанасында цемент сататын Bravo Build дүкені ашылды. Бұл соңғы 3 жыл ішінде ашылып отырған сегізінші дүкен. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 3, Ленгірде бір, 3 дүкеннен Манкент, Қапланбек пен Қазғығұртта табысты жұмыс істеуде.

Габриэль Моран, «Шымкентцемент» АҚ -ның бас директоры: «Шымкентцемент АҚ -ның басты мақсаты халықаралық стандарттарға сай өнім шығару болып табылады. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады».

«Шымкентцемент» компаниясы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында үнемі еңбек етуде. Дүкеннің ашылу салтанатында ұйымдастырылған шара көпшіліктің көңілінен шықты.

Берік Битабаров, Шымкентцемент АҚ -ның коммерциялық директоры: «Дүкеннің ашылуына байланысты «Он қап сатып  алда, бір қапты тегін өзіңе сыйла» акциясын өткізудеміз. Бұл іс шара бір айға жалғасады».

«Шымкентцемент» Қазақстан мен Орта Азиядағы  цемент шығаратын  ең ірі өндіріс орындарының бірі. Біүгінгі таңда компания цементтің 8 түрін өндіреді. Жоғары сапалы өнімнің енді облыс орталығынан тікелей Түркістандағы Bravo Build  бөлшек сауда орнына жеткізілетіні қолайлы болды деп қуануда тұрғындар.

 Нәліхан Шотаев, Түркістан қаласының тұрғыны: «Бұл керемет мүмкіндік. «Шымкентцемент» өнімдері сапасының жоғары екендігін біз жақсы білеміз. Салмағы да қаптағы көрсетілген келіге сәйкес. Бағасы да қолжетімді».

«Шымкентцемент» АҚ-нің басшылығы келешекте цемент сататын  Bravo Build  дүкендерін тек Оңтүстік Қазақстан  аумағында емес,  Жамбыл облысында да ашуды жоспарлауда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=j3fdxiW-fKU[/youtube]