Шымкенттегі Абай полиция бөлімінің қызметкерлері педофилді құрықтады. Бұған дейін де 2 рет сотты болған 31 жастағы азамат 13 жасар жеткіншекті зорлаған. Азғын мұның алдында баланы ұрып соғып, әбден қорқытыпты. Тергеу барасында анықталғаны — қорланған бала күдіктінің танысы болып шықты.
31 жастағы жігіт інісінің сыныптасымен ғаламтор арқылы танысқан. 13 жар баланың сеніміне кіріп, кездесуге шақырады. Гагарин көшесіндегі дәмханаға шақырып, баланы арбай бастапты.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ar5-yExY_Vw[/youtube]
Қазіргі таңда қылмыскер қамауға алынды. Ал қорлық көрген жеткіншек үйінде емдетіп жатыр. Атап өту керек, мұндай оқиға қаламызда соңғы уақытта екінші рет орын алып отыр.