Әуежайда бұрын зорлау, кісі өлтіру фактісі бойынша сотты болған аса қауіпті қылмыскер ұсталды

110

2023 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайында ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кету әрекеті кезінде ұстады.

 Бұрын ол ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған.
Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған.
Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деп күдіктелуде.
Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.