«Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясы жеңілдік жариялады

572
Домофоны бар үй-қауіпсіз

Үйіңізге қоңырау қойдырғыңыз келсе – бүгіннен бастаңыз. «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясы Қала күніне орай акция жариялап отыр. Мұндағы әрбір қатысушы купонды кілтке алмастыра алады. Шымкент тұрғындарына төрт жылдан бері тиімді қызмет көрсетіп жүрген «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясы дәстүрлі түрде жүргізетін жеңілдіктерінен бұл жолы да жаңылған жоқ.

Домофоны бар үй-қауіпсіз
Домофоны бар үй – қауіпсіз

Тамара Колодникова көрші подъездерге қойылған үй қоңырауларына қатты қызығады. Тек қауіпсіздіктің ғана емес, тазалық пен ұқыптылықтың символына айналып үлгерген аппаратты орнату – оның арманы. Зейнеткер «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясы арқылы осы ойын жуық арада іске асырмақ. Келісім-шартты да түзіп үлгерді.

Тамара Колодникова, №16 шағынаудандағы №32 үйдің тұрғыны: «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясы жақсы қызмет көрсетеді. Сапалы қызметіне қызығып, дәл осы компанияны таңдадық. Бірер күндері біз де домофон орнатып, жеке-жеке кілтке ие боламыз. Бұл – заман талабы. «Сақтықта қорлық жоқ.» Оның үстіне подъезіміз қауіпсіз әрі таза болады.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Yf6k761bGRI[/youtube]

Жас пен кәріге де қолдануы оңай әрі тілі түсінікті қондырғыны енді акция арқылы орнатуға болады. Кезекті рет қала тұрғындарына жеңілдік жасап, мерекеге орай тарту жасап отырған  «Строй Мастер Домофоны Шымкент»  компаниясы  «Тегін кілт» акциясын ұйымдастырып отыр. Осы аралықта домофон орнатқандар, бәрінен бұрын, санаулы кілтке телмірмейтін болады. Жеңілдік қарастырылған акция қазан айының соңына дейін жалғасады.

Компанияның өкілі
Компанияның өкілі

Талғат Сабитов, «Строй Мастер Домофоны Шымкент»  компаниясының техникалық бөлім меңгерушісі: «Қаланың көшелерінде біздің промоутерлер арқылы компанияның жаңа клиенттеріне қосымша тегін кілт купондары таратылады. Сонымен бірге компания домофондарды тек қана жаңа есіктерге емес, ескі есіктерге де қоюды ұсынады. Оларды біздің мамандар барлық стандарттар бойынша ретіне келтіреді.»

Айта өтейік, «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясының мекенжайы ауысты. Енді домофон орнатушы мамандарды Темірлан тасжолы мен Мангелдин көшесінің қиылысындағы №30 үйден таба аласыз. Сондай-ақ, телефон арқылы, яғни 21-46-27 және 21-24-26 нөмірлеріне хабарласып, өтініш қалдырсаңыз да болады. Домофоны бар үй үрейсіз екеніне естен шығармаңыз.