«Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясы жеңілдік ұсынады

429
Жарас Молдашев

Үйіңіздің тазалығын сақтап, қауіпті сейілткіңіз келсе, бүгіннен бастаңыз! «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясы Сіздер үшін арнайы жеңілдіктерін ұсынып отыр.

Жарас Молдашев 10 жылдан бері Темірлан тасжолы бойында орналасқан №25 үйдің төрағасы. Сондықтан үйдің қауіпсіздігін сақтау – басты міндеттерінің бірі. Тұрғындар соңғы жылдары қаңғыбас ит-мысықтарды үйден қуудан шаршағанын айтып, жиі шағымданыпты. Бұзақылардың әрекеті бөлек әңгіме. Ал қазір үй төрағасы көршілерінің көңілінен шыққан домофонның қызметіне дән риза.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gKa07hU7LMQ[/youtube]

Жарас Молдашев, қала тұрғыны: «Бұған дейін біз есікті құпия санмен ашатын едік. Бірақ ол қолайсыз еді. Кейде істейді, кейде мүлдем есігімізді аша алмай қалатынбыз. Ал қазір домофон бар. Жағдайымыз анағұрлым жақсарып қалды. Қыстыгүні үйдің есігі ашық қалып, пәтерлер суып кететін. Ал қазір үй де жылы, қауіпсіз әрі сенімді.»

Үлкен-кішінің сұранысына ие болып отырған домофонды қолдану қиын емес. Қажетті тетікті бассаңыз болғаны – үйіңізге кірер есік ашылады. «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясы тұрғындар үшін жеңілдік жасаудан жалықпайды. Бұл жолы, тіпті, сатылым купонының да қажеті жоқ. Сіз тек келісім-шарт жасасаңыз болғаны.

Сүлеймен Мұстафаұлы, «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясының директоры: «Наурыз айының басынан 1 ай бойы біздің тұтынушыларымызға арнап, ерекше жеңілдік жасап отырмыз. Бізбен келісім-шартқа тұрса, әрбір үйдегі пәтер иелеріне қосымша тағы бір кілт табысталады.»

«Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясы
«Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясы 5 жылдан бері шымкенттіктерге қызметін көрсетіп келеді

Айта кетейік, бүгінде «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясының көмегіне қаламыздағы 3000-нан аса үй жүгініп отыр. Қазір, тіпті, домофон орнату үшін есікті ауыстыру міндетті емес. Айтпақшы, қондырғы бұзылып қалса, алаңдаудың қажеті жоқ. Тек компанияға телефон шалып, өтініш қалдырсаңыз жетіп жатыр. Мамандар тегін әрі тез арада жөндеп береді. Ендеше, сенімді домофон – сақтығыңыздың кепілі!