Республика көлемінде ұйымдастырылған көркемсурет көрмесіне қатысқан 16 облыстың қылқалам шеберлері өз еңбектерін ұсынды. «Төле би және ұлт тарихы » деп аталған көрмеге қойылған 160-тан аса туындының басым бөлігі Ұлы жүздің бас биі — Төле бидің өміріне арналған. Оның ішінде 45 шығарма өңіріміздегі өнерлі жастардың бейнелеу түрі бойынша көрсеткен картиналары.
Орынбек Мейрамбек, жас суретші: » Бүгінгі көрме маған қатты ұнады. Әсіресе, өзіміз сияқты жас суретшілердің де шығармалары қойылған. Қайсысына қарасаң да өткен замандардың бейнесін көресің.»
Айта кету керек, көрмеге қойылған бұл бояулы суреттерді өңір тұрғындары көркемсурет галереясынан жыл соңына дейін тамашалай алады.