автобус, қоғамдық көлік

Шымкент қаласында муниципалды автопарк құрылуы мүмкін. Шаһардағы жолаушы тасымалдайтын компаниялардан көңілі қалған қала әкімі осылай деп мәлімдеді. Бүгінгі таңда қалада бар 33 қоғамдық көлік компаниясының тоғызының техникалық базасы жоқ. Енді олардың мемлекеттік сатып алубайқауында қалай жеңімпаз атанғаны тексерілмек.

 

қаладағы қоғамдық көліктер
қаладағы қоғамдық көліктер

Жеке меншік көліктердің жолаушыларға көрсететін қызметін қалай қадағаласа да нәтиже шығар емес. Бюджеттен 30 миллион теңге қаржы бөліп,  ЖПС бақылау қондырғылары да қойылды. Бірақ,  426 ватобусқа орнатылған қондырғылар сапасыз болып, сенімді ақтамады.

Енді 800 автобусқа тап осы секілді жүйе орнатылмақ. Қала басшысы осылай жүгенсіз кеткен жүргізушілерді жөнге салуды көздеп отыр. Бұл жолы айтқанға көнбеген көлік компаниялармен қош айтысатын болады. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, талап қатаң болатын көрінеді. Сондай-ақ, «Ешкімге жалынбаймыз, керісінше талап қоямыз. Жқмыс жасаймын деген инвесторлар жеткілікті»,-деді.

 

қоғамдық көліктердегі көрініс
қоғамдық көліктердегі көрініс

Бағытқа кеш шығып, ерте кету деген мүлдем болмауы тиіс. Бұл барлық көлік компанияларына қойылған талап. Қазірдің өзінде диспечерлік қызмет бөлімінің мамандары дандайсып жүрген жүргізушілердің қара тізімін жасаған. Алғаш тізімге ілінген мекеме басшылары сынға келіспей тулап шықты.

Алайда, дәйекті дәлелдердің алдында дәрменсіз болып салы суға кетті. Кемшіліктерін мойындап, атқарып жатқан жұмыстарын тізбектеді

Қорыта айтқанда, қоғамдық көліктің жұмысын жүйеге салатын уақыт жетті. Енді олар қаладағы жолаушыларға сапалы қызмет көрсетеді, не қара тізімге ілініп, жабылады. Бұл салада сапалы жұмыс жасаймыз дегендер жеткілікті екен .