Қазақстандағы алғашқы отандық рентген аппараттын «Казмедприбор» кәсіпорны шығарды. Компания медициналық-диагностикалық құралды шығару жобасын жапондық фирмамен бірге жүзеге асырыпты. Болашақта зауыт бұдан басқа жылжымалы рентген кешенін де шығармақ ниетте. Негізінен жылына 60 мың дана медициналық техниканы шығаруға қауқарлы серіктестік бүгінде ультрадыбысты зеттеу қондырғысының жаңа түрін шығарған.
Медицинаға қажетті құрал-жабдықтың 300-ден аса түрін шығаратын кәсіпорында негізінен денсаулықтың қыр-сырын анықтайтын түрлі жаңа технологиялы қондырғылар бар. Енді мұндай қондырғыларды шетелден алмайтын болдық дейді мамандар. Тіпті, бізге ресейліктер тапсырыс беруде. Ал Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан сынды көршілес елдер қызығушылық танытып отыр.
Қасым Каташов, «Казмедприбор» ЖШС электронды зауытының басшысы: «Бізге тапсырыс көп түседі. Соның ішінде, әсіресе, жылжымалы автокөлік кешендеріне және электро-кордиаграммаға, фитальный манитор, жүкті әйелдің өзі мен ішіндегі нәрестенің жүрек соғысын тексеретін аппаратқа тапсырыс көп.»
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қазір серіктестік мемлекеттік тапсырысты орындау үстінде. Жыл соңына дейін олар 300-ге жуық жедел жәрдем автокөлігін жасауды аяқтауы тиіс.