Ресей астығын отандық өнім ретінде өткізіп келген қылмыстық топ ұсталды

26
Бидайдың ылғалдылығы 14 пайыз болуы шарт

Ресей астығын отандық өнім ретінде өткізіп келген қылмыстық топ ұсталды. Тасымалдауға жеңілдетілген тариф алу үшін осындай заңсыз схема ұйымдастырылған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті ұсынған мәлімет бойынша, компания астықтың Қазақстанның өнімі екенін растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған.

Бұл серіктестік 2021-2022 жылдары 1 млрд теңгеден астам соманы құрайтын 8 жарым мың тоннаға жуық тауарды Өзбекстан, Ауғанстан мен Тәжікстанға экспорттады. Шығын көлемі – 150 млн теңге шамасында. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.