Шымкент қаласының түкпір-түкпірінде 228 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондағы жазбалардың көмегімен ұсақ бұзақылыққа қатысты қылмысты ашу жеңілдеді дейді тәртіп сақшылары.

 Мәселен, мына жазбадағы азамат қасындағы кісінің ескертуіне қарамастан, бейнебақылау камерасының дәл түбінде тұрып алып, темекі шеккен. Мұнысымен қоймай, шылымның қалдығын лақтыра салады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gFNHGTPF3wo[/youtube]

Полиция бекетіне жеткізілген азамат өзінің теріс қылығын бірден мойындауға мәжбүр болды. Айтуынша, бұл әрекетін білместікпен жасапты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=e0cEm9s2f9k[/youtube]

Қоғамдық орында тәртіп бұзған азаматтың үстінен қоршаған ортаны ластау әрекетіне байланысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол енді айыппұл төлейтін болады.