Шымкентте қоғамдық тәртіп күшейтілді

369

Биылдан бастап, полиция Шымкенттегі қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтті. Нәтижесінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар – шамамен 19 пайызға, көшелерде жасалған қылмыстар – 22 пайызға төмендеген. Бұл туралы Шымкент қалалық жергілікті полиция басқармасының басшысы Ерғали Сүлейменов «Отырар» арнасына берген сұқбатында айтты.

Қазіргі уақытта қоғамдық орындарда учаскелік полиция инспекторынан бөлек патрультдік сақшылар да қойылған. Әсіресе, қала орталығындағы саябақтар мен адам көп баратын мәдени нысандар мен демалыс орындарында, тұрғын алабы жіті бақылауға алынған. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала ішінде 2420 патрульдік бағыт әзірленген. Оның 113-ін тәртіп сақшылары көлікте жүріп бақылайтын болса, 2284 бағытта жаяу партуль аралайды. Оған қоса, 8 аттылы патруль бағыты мен 15 стационарлық бекет істеп тұр.

Манарбек Әділбеков, жол-патрульдік полиция полкінің аға сержанты: «Көпшілік орындарда адамдар көбіне мынадай заңсыз әрекеттерге барады: пісте шағады, қоқыс тастайды, спирттік ішімдіктерді өзенннің жағасына әкеп ішеді. Сосын, төбелеседі. Ал біз мұндайда ол азамттарға әкімшілік хаттама түзіп, әкімшілік шара қолданамыз».

Мөлдір Бекеева