Шымкентте «Көршілер бақылауы» жалғасып жатыр

566

 

Биылғы  жылдың басынан бері Шымкентте «Көршілер бақылауы» бағдарламасының сенім телефонына 600-ден астам қоңырау келіп түскен. Бұл аталған бағдарламаның ел сенімі мен үдесінен шығып отырғандығын көрсетеді. Қазіргі таңда «Көршілер бақылауы» бағдарламасы Шымкент қаласында жұмысын жалғастырып келеді.

Бағдарламаның көздеген басты мақсатының бірі – бір-бірімен көрші тұратын тұрғындардың полиция қызметкерлерімен, атқарушы билік өкілдерімен сенімді қарым –қатынастарын нығайтуға бағытталған. Бағдарлама негізінде Шымкент полицейлері басқа да құзырлы орган өкілдерін тарта отырып тұрғындармен кездесулер өткізіп келеді.

Мәселен, үстіміздегі жылдың 17 сәуірінде Шымкент қаласының Әл –Фараби АІІБ және жергілікті полиция қызметкерлері қаладағы №11 ЖОМ үлкен залында жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында ең алдымен полиция қызметкерлері тұрғындарға құқықтық сипаттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп өтті.

Бүгінгі таңда орын алып жатқан қылмыстардың басым бөлігі қалта және пәтер ұрлықтары болғандықтан, тұрғындарға сол қылмыстардан сақтану жолдарын кеңінен саралады. Содан соң негізгі тақырыпта сөз қозғаған полицейлер, өзіміз күнделікті көретін көршінің жүріс –тұрысына көз сала жүру керектігін, олардан қандай да бір ерсі іс –әрекеттер байқалған, айқай-шу естілген жағдайда міндетті түрде полицияның сенім телефонына хабарласу керектігі ескертілді. Көпқабатты үйлерге келіп жатқан қонақтарға сұрау салу, мәселен, кімге келгені, ол адамға қандай туыстық қатынасы барлығын сұрау, көптеген қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуы мүмкіндігі айтылды.

Сонымен қатар, тұрғындарға зорлық-зомбылыққа душар болған немесе мазасы кетіп қатер туындап жүргенде, отбасында немесе қоғамда түсініспеушілікке кез болғанда, өмірлік қиындықтарға тап болғанда, жақындарынан зорлық-зомбылық көргенде, қылмыстық әрекеттерге душар болғанда міндетті түрде полицияның сенім телефонына хабарласуын сұрады. Жиын соңында сенім телефондары жазылған парақшалар таратылды.

Қазіргі таңда «Көршілер бақылауы» бағдарламасының сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Бір айта кетерлігі, хабарламаны жасырын түрде де айтуға болады. Құқық қорғау органдарының құзыретіне кіретін барлық келіп түскен хабарламалар міндетті түрде бірден тексеріледі. Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сейтхан Сейтжомарттың айтуынша, түскен хабарламаға сәйкес полиция инспекторлары бірден жедел әрекет етіп, шаралар қабылдайды.

Полиция қызметкерлері «Көршілер бақылауы» бағдарламасының мүмкіндіктеріне тұрғындардан өз бағаларын берулерін сұрайды. Себебі, заң бұзушылықтарға немқұрайлы қарамау кез келген азаматтың борышы, ал ол өз кезегінде жасалып жатқан құқық бұзушылықтың немесе қылмыстың алдын алуға септігін