Үздіктер марапатталды

Жыл бойы ауылшаруашылығы саласында тынбай еңбек еткен шаруалар «Алтын күз» мерекесіне үлкен жетістіктермен келгенін жасырмайды

Жыл бойы ауылшаруашылығы саласында тынбай еңбек еткен шаруалар «Алтын күз» мерекесіне үлкен жетістіктермен келгенін жасырмайды. Содан да болар жылды қорытындылаған жиында өз ісінің үздіктері марапатталды. «Көрме» орталығында өткен алқалы мерекелік іс-шарада облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қанатбек Оспанбеков биыл салада рекордтық өнім жиналғанын айрықша атап өтті. Облыста егіс көлемі соңғы төрт жылда 130,0 мың гектарға артқан. Жалпы көрсеткіш – 772 мың га. Биыл бау-бақша өнімдерінен 2,2 млн тонна өнім жиналып, былтырмен салыстырғанда 250,0 мыңға ұлғайғаны байқалады.

«Көрме» орталығында өткен алқалы мерекелік іс-шарада облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қанатбек Оспанбеков биыл салада рекордтық өнім жиналғанын айрықша атап өтті
«Көрме» орталығында өткен алқалы мерекелік іс-шарада облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қанатбек Оспанбеков биыл салада рекордтық өнім жиналғанын айрықша атап өтті

Салатантты іс-шарада облыс басшысы Асқар Мырзахметов ауылшаруашылығында үздік көрсеткішке жеткендерді арнайы марапаттады. Аудан әкімдеріне бағалы сыйлықтар, сертификаттар табыс етті. Мысалы, астық жинаудан – Қазығұрт, мақсарыдан – Төлеби, мақтадан – Мақтарал, мал шаруашылығын дамыту бойынша – Сарыағаш, асыл тұқымды малды асылдандырудан – Отырар, жылыжай салудан – Сарыағаш ауданы үздік деп танылды. Саланың бұл жетістігін БАҚ-та насихаттап жүрген журналистер де арнайы қошеметке ие болып жатты.

Биыл бау-бақша өнімдерінен 2,2 млн тонна өнім жиналып, былтырмен салыстырғанда 250,0 мыңға ұлғайғаны байқалады
Биыл бау-бақша өнімдерінен 2,2 млн тонна өнім жиналып, былтырмен салыстырғанда 250,0 мыңға ұлғайғаны байқалады

«Алтын күздің» жалғасы сенбі күні әл-Фараби алаңындағы облыстық жәрмеңкеге ұласты. 212 тонна әртүрлі көкөністер мен ауылшаруашылығының өзге де өнімдері арзан бағада қала тұрғындарына сатылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=WW370qGCUyA[/youtube]