Көрме орталығы ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

93

Қаңтардың басында жаппай тәртіптісіздік кезінде өртенген Көрме орталығы ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысшылардың бірі дәнекерлеу жұмыстарымен айналысса, бірі құрастырылған конструкциядағы темірлерді арнайы техниканың көмегімен ажыратып, бір жерге жинақтауда. Екі апта бұрын бастауын алған жұмыстар әлі де жалғасады. Бөлшектеу жұмыстары аяқталған бойда ғимаратты қайта қалпына келтіру жұмыстары басталады дейді осындағы жұмысшылар
«Қисайған темірлерді  ажыратып мына жерге жинап жатырмыз. Қарабұлақтан келдік. Құрылыстың басында қазір 16 адамдай жұмыс  істеп жатырмыз»- дейді   жұмысшы  Набихан Абдусалиев.

Шынар Оразова