Алтынбек Қоразбаев әлі де шәкірттер тәрбиелейтінін жеткізді

Еліміздің әр өңіріне шығып, сахна басын қосан «Меломен» тобының құрылғанына 4 жылдан асты. Гастрольдік сапарларын Қызылордадан бастаған өнерпаздар, шымкенттік өнерсүйер қауыммен қауышты. Қаншама дарынды қанаттандырған Алтынбек Қоразбаевтың жетегінде жүрген жігіттердің дауыс өрнегі бай, олар болашақта Мұзарттың орнын басады дейді ұстазы.

Алтынбек Қоразбаев әлі де шәкірттер тәрбиелейтінін жеткізді
Алтынбек Қоразбаев әлі де шәкірттер тәрбиелейтінін жеткізді

Алтынбек Қоразбаев, халық әртісі: «Бұл жігіттер кез-келген әнді 3-4 дауыста еркін алып кете беретін кәсіби әншілер.  Қазірдің өзінде Роза Рымбаева сыңды белгілі әншілермен иық тіресіп ән айта алады».

Бүгінде Меломан тобының репертуарында түрлі бағыттағы 70 шақты ән бар. «Біздің әндер тек бір аудиторияға ғана бағыталмаған, мүмкіндігінше барлық жастағы тыңдарманның құлақ құршын қандыруға тырсамыз»- дейді өнерпаздар. Кеш аясында Алтынбек Қоразбаев жеке әндерін де орындады.

Концерттің түйінін әке мен балаға арналған жаңа ән қорытындылады. Концертке келген қонақтар орнынан тұрып, құрмет көрсетті. Бұл дегеніңіз-қоғамға әке тәрбиесі жетіспейді деген сөз. Ең бастысы, отбасында әке орны мығым, нақты белгіленген. Лайым қазағымыздың әрбір шаңырағындай ардақтыларымыз аман болсын.