Имамдар мен молдалар аттестациясы орталық мешітте өтеді

Имамдар да біліктілігін арттыруда. Оңтүстік Қазақстан облысындағы қалалық және аудандық мешіттердің 500-ге жуық имамдарын аттестациялау басталды. Еліміздегі 3000 діни орынның үштен бірі біздің облыста тіркелген. Енді осы діни орынның имамдары 4 күн бойы өз білімін көрсетеді. Сынаққа облысымыздағы 500-ге жуық имам қатысуда. Жергілікті дінбасыларының Құран қағидалары, ақида, фиқһ және әкімшілік жүйе бойынша сауатылығы тексеріледі.

Имамдар мен молдалар аттестациясы орталық мешітте өтеді
Имамдар мен молдалар аттестациясы орталық мешітте өтеді

Бейбіт Мырзагелдиев, ОҚО бас имамы: «Аттестацияда имамдар негізгі үш бағыт бойынша іріктеледі. Оның біріншісі – қызметін жоғарылату, екіншісі – басқа мешітке ауыстыру, ал үшіншісі – өз еркімен қызметтен босатылады.»

Шараның мақсаты – елімізде діни экстремизм мен өзге ағымға тосқауыл қою. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары діни сауатын ашқысы келген көптеген жас шетелдерге кетті. Бірақ, олардың қайда және нені оқиғаны беймәлім. Соның салдарынан дін қағидаларын әрқайсысы өздігінше дәріптеп, сан-саққа жүгіртуі елде алауыздық туғызып отыр дейді бас имам.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=kVnkMphVQvQ[/youtube]

 Бейбіт Мырзагелдиев, ОҚО бас имамы: «Шетелдерде оқып келген азаматтарымыз сол елдің дәстүрі мен мәдениетімен де келді деуге болады. Сондықтан, бұл жағдай біраз қиындық тудырып жатқаны бар. Қазіргі уақытта жаңадан келген бас муфтиіміздің алға қойып отырған тікелей мақсаты – дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, түрлі ағымдарды жою және мешіттерде өзіміздің Ханафи мәзхабы мен Махуди ақидасының маңындағы білімі бар имамдарды қою.»

Елімізде молдалар мен имамдардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы медреселер жұмыс жасауда. Сондай-ақ, Нұр Мүбәрәк университетінде қазіргі таңда облыстан 150 қыз бен жігіт білім алуда. Ал аттестация қорытындысы жыл соңында жарияланады.